Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық ұланның "Батыс" өңірлік қолбасшылығының жаңа қолбасшысы тағайындалды

Опубликовано:

Бекайдар Казкеев
Бекайдар Казкеев. Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Ішкі істер министрінің жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы "Батыс" өңірлік қолбасшылығының жаңа қолбасшысы болып Казкеев Бекайдар Маратұлы тағайындалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа қолбасшыны жеке құрамға ішкі істер министірінің орынбасары-Ұлттық ұланның бас қолбасшысы Еркін Ботақанов таныстырды.

Ол жаңадан тағайындалған қолбасшыға әскери қызметінде табыс тілеп, жауынгерлік және командалық дайындықты жетілдіруді тапсырды.

Бекайдар Казкеев жаңа лауазымына дейін "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары-штаб бастығы қызметін атқарған.

Айта кетейік, бұған дейін "Батыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы қызметін атқарған Арман Жұмағалиев Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы лауазымына тағайындалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2051550-ulttyq-ulannyn-batys-onirlik-qolbassylygynyn-zana-qolbassysy-tagaiyndaldy/

pixel