Ермек Алпысов Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды
Жарияланған күні:
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Ермек Амантайұлы Алпысов облыс әкімінің бірінші орынбасары болды. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында хабарланды.
Әкімдік ақпаратынша, ол 2001 жылдан бері мемлекеттік қызметте. Алматы облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының жетекші, бас маманы, инспекторы, бөлім бастығы болды. Алматы облысы Ақсу ауданы әкімінің орынбасары, Талдықорған әкімінің орынбасары, Талдықорған әкімі, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды.
2019 жылдан 2021 жылға дейін Ұлттық экономика министрінің орынбасары болды.
Осы тағайындауға дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2054369-ermek-alpysov-qaragandy-oblysy-akiminin-birinsi-orynbasary-bolyp-tagaiyndaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.