Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей компаниялары Қазақстанға салып беретін үш ЖЭО-ға шамамен қанша қаражат жұмсалады

Опубликовано:

Жылу электр орталығы
Жылу электр орталығы. Көрнекі фото: Vithun Khamsong/Getty Images

"Самұрық-Энерго" басқармасының төрағасы Қайрат Мақсұтов үкіметте өткен брифингте ресейліктер Қазақстанда салуды жоспарлап отырған үш жылу электр орталығының құны шамамен қанша болатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Көкшетау жылу электр станция бойынша қазір техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді, енді мемлекеттік сараптамаға жүктелуге тиіс. Семей жылу электр орталығының техникалық-экономикалық негіздемесі осы жылдың наурыз айында аяқталады. Өскемен жылу электр орталығының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге кірісіп жатырмыз. Сондықтан қазір нақты шығындарды айта алмаймыз, ол мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін белгілі болады... Слайдта көрсетілген шамамен алғандағы сомалар 330 миллиард, 270 миллиард – әрбір ЖЭО үшін шамамен осындай сомалар болады", - деді ол.

Қайрат Мақсұтов 2023 жылғы 9 қарашада Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы министрліктері арасында Көкшетауда (қуаты 240 МВт), Семейде (қуаты 360 МВт) және Өскеменде (қуаты 360 МВт) жылу электр орталығын салу жобалары бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғанын еске салды.

"Жобаларды іске асыру жөніндегі жауапты компаниялар болып "Самұрық-Энерго" және "ИНТЕР РАО – Экспорт " белгіленді. Осы үш қаладағы жылу электр орталығын салу барысында Ресей Федерациясының негізгі технологиялық жабдықтарын қолдану көзделіп отыр. Сонымен бірге жобаны қаржымен қамтамасыз ету мақсатында Ресей қаржы институттарымен жұмыс жүргізілуде.

Көкшетау және Семей станциясы бойынша келісімшартқа қол қою осы жылдың үшінші тоқсанына, Өскемен станциясы бойынша 2025 жылдың бірінші тоқсанына болжанып отыр. Осы үш станцияның құрылысы 2027-2028 жылдары аяқталуға тиіс", - деді спикер.

Бұл ретте баяндамашының слайдында ресейліктер салғысы келетін Қазақстандағы үш ЖЭО-ның құны туралы мәлімет берілген.

Мәселен, онда Көкшетаудағы жылу электр орталығын салуға 347 миллиард теңге, Семейдегі жылу электр орталығын салуға 420 миллиард теңге, Өскемендегі жылу электр орталығын салуға 490 миллиард теңге жұмсау жоспарланғаны көрсетілген.

Еске салсақ, 2023 жылғы 26 желтоқсан күні Қазақстан мен Ресей үш ЖЭО салу туралы келісімге қол қойды. Жаңа жылу электр орталықтары Семей және Көкшетау қалаларында 2027 жылы іске қосылса, Өскеменде салынатын нысан 2030 жылы пайдалануға беріледі.

Жобалардың басты мердігері болып "Интер РАО – Экспорт" компаниясы бекітілген. "Самұрық-Қазына" мен ресейлік "Интер РАОЭкспорт" компаниясы арасындағы келісім келісімге қол қойылған күннен бастап күшіне енген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2055764-resei-kompaniyalary-qazaqstanga-salyp-beretin-us-zeo-ga-samamen-qansa-qarazat-zumsalady/

pixel