jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан халықаралық су ағындарын пайдалану туралы конвенцияға қосылды

    Коряковка көлі
    Коряковка көлі. Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

    Бүгін, 17 қаңтарда Мәжіліс жалпы отырыста Халықаралық су ағындарын кеме жүрмейтін пайдалану түрлерінің құқығы туралы конвенцияны ратификациялады. Бұл туралы ҚР Парламент мәжілісінің Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бұл құжат 1997 жылғы 21 мамырда Нью-Йоркте жасалған.

    Конвенцияға сәйкес су ағыны мемлекеті өз аумағында халықаралық су ағынын пайдалану кезінде басқа мемлекеттерге айтарлықтай зиян келтіруді болғызбау үшін барлық тиісті шараны қабылдайды.

    "Су ағыны мемлекеттері су ағыны, судың сапасы және тиісті болжамдар туралы оңай қолжетімді деректермен және ақпараттармен тұрақты негізде алмаса алады. Сонымен қатар су ағыны мемлекеттері бір-біріне консультация береді, халықаралық су ағынының жай-күйі үшін жоспарланатын шаралардың ықтимал салдары туралы келіссөздер жүргізе алады", - делінген хабарламада.

    Қазақстан халықаралық су ағындарын пайдалану туралы конвенцияға қосылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.