Тоқаев Италия премьері Джорджа Мелонимен кездесті (фото)
Жарияланған күні:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Италияның премьері Джорджа Мелонимен келіссөз жүргізу үшін Киджи сарайына барды, деп хабарлайды Ақорда Тelegram-дағы ресми арнасында.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Италияның Министрлер Кеңесінің Төрағасы Джорджа Мелонимен келіссөз жүргізу үшін Киджи сарайына келді", - делінген хабарламада.
Айта кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 17 қаңтарда Италияға ресми сапармен барғанын жазған едік.
Сонымен қатар мемлекет басшысы Италия президенті Серджо Маттарелламен келіссөз жүргізді.
Одан бөлек, Тоқаев "Қазақстан-Италия" инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.
Қазақстан президенті қаңтардың 19-ы Ватиканда Рим папасы Францискпен кездеседі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2056291-toqaev-italiya-premeri-dzordza-melonimen-kezdesti-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.