Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлихан Смайылов Алматыда Ресейдің премьер-министрімен кездесті

Опубликовано:

Әлихан Смайылов пен Михаил Мишустин
Әлихан Смайылов пен Михаил Мишустин. Фото: primeminister.kz

Алматыда Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Михаил Мишустиннің кездесуі өтті. Келіссөздер Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының қарсаңында өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Тараптар сауда, инвестиция, өнеркәсіптік кооперация, энергетика, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы және білім беру салаларындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады.

Атап айтқанда, қазақстандық көмірді Ресей аумағы арқылы тасымалдау, сондай-ақ қазақстандық тасымалдаушылардың Ресейге кіруіне қатысты проблемаларды шешу мәселелері жан-жақты талқыланды. 

Әлихан Смайылов екі мемлекет басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастар өзара сыйластық қағидаттары негізінде ілгері дамып келе жатқанын атап өтті. 

"Ресей – Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі. Бұған өткен жылдың 11 айындағы көлемі $24 млрд болған сауда айналымы дәлел", — деді ол. 

Михаил Мишустин дәстүрлі қонақжайлылық үшін алғысын білдіріп, Ресей Қазақстанмен өзара тиімді қарым-қатынастарды нығайтуға аса мән беретінін атап өтті. 

"Біз өнеркәсіп, машина жасау, энергетика, мұнай-химия, көлік инфрақұрылымы, цифрлық экономика және басқа да көптеген салаларда ірі инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асырып жатырмыз. Біз жаңа өндірістік тізбектер құрылысын жеделдетуді ұсынып отырмыз. Бұған Ресей мен Қазақстанның экономикалық, өндірістік және технологиялық әлеуеттерінің өзара бірін-бірі толықтыруы жақсы негіз болып табылады", — деді Ресей үкіметінің төрағасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2058722-alixan-smaiylov-reseidin-premer-ministrimen-kezdesti/

pixel