Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұмыс орнында жоқ": Экология министрлігі Ошурбаевтың ұсталуына қатысты түсінік берді

Опубликовано:

Мансұр Ошурбаев
Мансұр Ошурбаев. Фото: primeminister.kz

Экология министрлігінің өкілдері вице-министр Мансұр Ошурбаевтың ұсталғанын растап, шенеуніктің жұмыс орнында жоғын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Министрлік БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының 28-ші конференциясын өткізуге арналған шығыстарға қатысты өткізілген (COP-28) ішкі аудит нәтижелері бойынша ақпараттар Министрлік басшылығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жіберілгенін мәлімдеді.

"Осыған байланысты, 2024 жылғы 5 ақпанда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің жедел-тергеу тобымен Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Ошурбаевтың қызметтік үй-жайында құжаттар алынды", - делінген ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында.

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта вице-министр жұмыс орнында жоқ.

Айта кетейік, осыған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлеріне және басқа да адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын растаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2059251-zumys-ornynda-zoq-ekologiya-ministrligi-osurbaevtyn-ustaluyna-qatysty-tusinik-berdi/

pixel