Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дүйсенова үкімет Смайыловтың бастамасымен отставкаға кеткенін айтты

Опубликовано:

Бос тұрған отырыс залы
Үкімет. Көрнекі сурет: t.me/bort_01

Үкімет кулуарында БАҚ өкілдері премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеновадан үкіметтің отставкаға кету себебін сұрады Дүйсенова бұған Әлихан Смайылов бастама көтергенін айтты. Бұл деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Бұрынғы премьер-министр Әлихан Смайылов өз ұсынысын жариялады (отставкаға кету туралы - ред. ескертпесі), ұсынысқа жауап берілді. Бұған қатысты жауапты алдыңыз", - деді Тамара Дүйсенова.

Премьер-министрдің орынбасары Дүйсеноваға министрлер мен премьер-министрдің орынбасарларының барлығы дерлік өз орнын сақтап қалатын болса, министрлер кабинетін тарату неліктен қажет болғаны жөнінде сұрақ қойылды.

"Бұл сұрақ маған қойылатын сұрақ емес шығар. Өздеріңіз естіген баға бар – біз кейбір жерде орындай алдық, кейбір жерде орындай алмадық. Сосын экономиканы жаңғырту, динамика тұрғысынан өте үлкен міндет тұр. Мемлекет басшысы жаңа серпін беру қажет деп шешті", - деп жауап берді премьер-министрдің орынбасары.

Еске сала кетейік, дүйсенбіде Қазақстан үкіметі отставкаға кетті.

Кеше премьер-министр Олжас Бектенов басқаратын жаңа министрлер кабинеті жасақталды. Қазақстанның жаңа үкіметінде 26 адамның 21-і "ескі құраммен" қалды. Ал премьер-министр мен төрт министр жаңадан тағайындалды.

Сондай-ақ кеше мәжіліс отырысында Тоқаев үкімет неліктен отставкаға кеткенін түсіндіріп, Әлихан Смайылов басшылық еткен министрлер кабинеті барлық салада тұрақтылықты қамтамасыз еткенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2059671-duisenova-ukimet-smaiylovtyn-bastamasymen-otstavkaga-ketkenin-aitty/