Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Франция президентіне қазақы тазының екі күшігін сыйлады (видео)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон тазыларға қарап тұр
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон. Фото: https://t.me/bort_01

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эмманюэль Макронға қазақы тазының екі күшігін сыйлады. Бұл туралы Борт N1 Telegram арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Былтыр қараша айында мемлекет басшысының шақыруымен Астанаға сапармен келген Франция президенті "Этноауыл" көрмесін аралап көріп, қазақ халқының бай мәдени мұрасымен танысқан еді. Көрме орталығын тамашалау барысында Эмманюэль Макронға қазақы тазының тұқымы ерекше ұнаған болатын. Сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев франциялық әріптесіне тазы сыйлауға уәде берген.

"Кейін Парижге қазақы тазының бес айлық екі күшігі жеткізілді. Қос тазыны француз ветеринарлары тексеріп, уақытша карантинге жіберді. Сондай-ақ Франция тарапына күшіктерді тамақтандыру және үйрету жөніндегі нұсқаулық берілді", - делінген жазбада.

Тазы күшіктеріне Жюль және Жанна деген ат қойылыпты. Күшіктер Макрон отбасының Немо есімді қара лабрадорымен "достасып" үлгерген. Бұл итті ерлі-зайыпты Макрондар 2017 жылы жануарлар паналайтын жерден асырап алған екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2059724-toqaev-franciya-prezidentine-qazaqy-tazynyn-eki-kusigin-syilady-video/