Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Әлиевті сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев, Ильхам Әлиев
Қасым-Жомарт Тоқаев, Ильхам Әлиев. Фото: akorda.kz

Қазақстан мен Әзербайжан президенттері телефон арқылы сөйлесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Әзербайжан Республикасының президенті лауазымына кезектен тыс өткен сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Мемлекет басшысы сайлаудағы дауыс беру қорытындысы Ильхам Әлиевтің Әзербайжанды одан әрі нығайтуға, елдің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын қамтамасыз етуге және мемлекеттің халықаралық аренадағы беделін арттыруға бағытталған стратегиялық бағдары мен ауқымды реформалары бүкілхалықтық қолдауға ие болғанын анық көрсеткенін атап өтті", - делінген Ақорадының ресми сайтында жарияланған ақпаратта.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің әзербайжан халқының игілігі мен дамуы үшін қолға алған барлық жоспарының табысты орындалуына тілектестік білдіргені айтылған.

"Өз кезегінде Әзербайжан президенті құттықтағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, бауырлас Қазақстанмен арадағы ғасырлар бойы қалыптасқан достық, стратегиялық серіктестік және одақтастық рухындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдете беруге ниетті екенін растады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Әзербайжанда кезектен тыс өткен сайлауда елдің қазіргі президенті Ильхам Әлиев 92,1 пайыз дауыспен жеңіске жеткенін жазған едік. Әзербайжан Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, қазір бюллетеньдердің жартысынан көбі саналып бітті. Екінші орында 2,2 пайыз дауыспен парламент депутаты, өзін-өзі ұсынған кандидат Захид Орудж тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2059882-toqaev-alievti-sailaudagy-aiqyn-zenisimen-quttyqtady/

pixel