jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Новости русской службы Би-би-си

Әзербайжандағы сайлау: Әлиев 92 пайыз дауыспен жеңді

Ильхам Әлиев
Ильхам Әлиев. Фото: Omer Messinger/Getty Images

Әзербайжанның қазіргі президенті Ильхам Әлиев 92,1 пайыз дауыспен кезектен тыс сайлауда жеңіске жетті, деп хабарлайды BBC Орыс қызметі сол елдің Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.

Әзербайжан Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, қазір бюллетеньдердің жартысынан көбі саналып бітті.

Екінші орында 2,2 пайыз дауыспен парламент депутаты, өзін-өзі ұсынған кандидат Захид Орудж тұр.

Орталық сайлау комиссиясының басшысы Мазахир Панаховтың айтуынша, сайлауға сайлаушылардың 76 пайыздан астамы қатысқан.

Экзит-полл сарапшылары жалпы нәтиже осындай болады деп болжаған.

Әзербайжандағы сайлау: Әлиев 92 пайыз дауыспен жеңді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.