Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шайх-Хасан Жазықбаев Қорғаныс министрінің орынбасары болды

Опубликовано:

Шайх-Хасан Жазықбаев
Шайх-Хасан Жазықбаев. Фото: Қорғаныс министрлігі ресми сайты

Шайх-Хасан Жазықбаев Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда Тelegram арнасында хабарлады.

"Мемлекет басшысының өкімімен Шайх-Хасан Саттарқұлұлы Жазықбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Шайх-Хасан Жазықбаев әр жылдары жауынгерлік және бітімгерлік дайындық бойынша жауапты қызметтер атқарды. Ол бірнеше әскери бөлімнің командирі, штаб бастығы – "Батыс" ӨңҚ әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары болды.

Ал 2023 жылғы 11 қарашада Қарулы күштер Бас штабы бастығының орынбасары болып тағайындалған болатын.

Ирак Республикасындағы инженерлік-саперлік жасақ құрамында бітімгерлік операцияға қатысты.

II дәрежелі "Айбын" орденімен, ведомстволық наградалармен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2060100-saix-xasan-zazyqbaev-qorganys-ministrinin-orynbasary-boldy/

pixel