Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа тағайындалған төтенше жағдайлар министрі жемқорлықпен қалай күресетінін айтты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Шыңғыс Әрінов
Шыңғыс Әрінов. Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

БАҚ өкілдері брифингте Төтенше жағдайлар министрлігінің жаңа басшысынан бұрынғы министрлер шешпеген екі негізгі мәселе – тұрғын үй және сыбайлас жемқорлық мәселесін қалай шешетінін сұрады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Тұрғын үй, әлеуметтік қамту, материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселесіне келетін болсақ, әрине, бұл – менің күн тәртібімде тұрған мәселелер. Бұл – нөмірі бірінші мәселе.

Ақша жинау мен алым-салық фактілеріне келетін болсақ, біз, әрине, бұған жол бермейміз деп ойлаймын. Бұл бағытта қатаң алдын алу жұмысын жүргіземін. Бұған дейінгі ведомствода жинаған тәжірибем бұл мәселеде маған жақсы көмектеседі. Оған еш күмәнім жоқ. Бұл келеңсіз жайттың барлығы тез арада жойылады", - деді төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов.

Ол сондай-ақ кейбір нәтижелерді алғашқы 6 айлық жұмыстан кейін бағалауға болатынын айтты - содан кейін оның сыншылары да, сала мамандары да қорытынды жасай алады.

Айта кетейік, 6 ақпанда Шыңғыс Әрінов төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды. Бұған дейін ол мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы президентінің күзет қызметінің бастығы қызметін атқарған.

Шыңғыс Әрінов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде "Халықаралық қатынастар" факультетін, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясында "құқықтану" мамандығы бойынша Азаматтық авиация академиясы "Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды ұйымдастыру" мамандығы бойынша бітірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2060219-zana-tagaiyndalgan-totense-zagdailar-ministri-sybailas-zemqorlyqpen-qalai-kuresetinin-aitty/