jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев Си Цзиньпинге құттықтау жеделхатын жолдады

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин. Фото: Mark Schiefelbein / Pool / AFP / Getty Images

    Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының төрағасына құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

    Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Си Цзиньпин мен Қытай халқын "Чуньцзе" мерекесімен құттықтады.

    "Қытай Халық Республикасының құрылғанына 75 жыл толуымен тұспа-тұс келетін биылғы айдаһар жылы мемлекетіңізді одан әрі өркендету жолында жетістіктерге толы боларына сенімдімін. Осы тұста Сіздің маңызды стратегиялық бастамаларыңыз бен тың жоспарларыңыздың сәтті жүзеге аса беруіне шынайы тілектеспін. Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың «алтын 30 жылдығы» аясында игі мақсат-міндеттерімізге қол жеткізіп, халықтарымыздың жарқын болашағы жолындағы сындарлы әріптестігімізді жаңа деңгейге көтеруге айрықша мән беремін", – деп жазылған жеделхатта.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Қытай халқына бақ-береке тіледі.

    Тоқаев Си Цзиньпинге құттықтау жеделхатын жолдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.