jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Жаңадан тағайындалған қаржы министрі қанша жалақы алатынын айтты

    Мәди Тәкиев
    Мәди Тәкиев. Фото: primeminister.kz

    Мәжіліс кулуарында жаңадан тағайындалған қаржы министрі Мәди Тәкиев жаңа қызметтегі жалақы мөлшерін айтты. Бұл туралы KAZNUR.KZ хабарлайды.

    Журналист жаңа министрден "жалақы мөлшерімен таныстыңыз ба" деп сұрады.

    "Иә, жалақы мөлшерімен танысып, білдім. Бізде барлық мемлекеттік қызметкерге бірыңғай жалақы кестесі бар. Сол кестеге сай еңбекақымды аламын. Бір жарым млн теңгеден асады, менің еңбек өтілімді қосқанда", - деп жауап берді Мәди Тәкиев.

    Еске салайық, 6 ақпанда мемлекет басшысының жарлығымен Мәди Төкешұлы Тәкиев қаржы министрі лауазымына тағайындалған болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.