Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Катар әмірі өз сарайында Қасым-Жомарт Тоқаевты қалай қарсы алды (фото, видео)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаевты Катар әмірінің сарайында қарсы алу сәті
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәмим бен Хамад Әл Тәни. Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Катар әмірінің Diwan Amiri сарайына келді. Резиденцияда Қазақстан президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Қатардың әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды"- делінген хабарламада.

Салтанатты рәсімнен кейін екі ел басшылары келіссөз залына өтті.

Айта кетейік, кеше мемлекет басшысы Катарға мемлекеттік сапармен келді.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Катар мемлекетінің әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен және премьер-министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәнимен келіссөздер жүргізеді.

Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр.

Сондай-ақ президент қазақ-қатар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысады және осы елдің бизнес капитандарымен бірқатар кездесу өткізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2060964-toqaev-katar-amirinin-saraiyna-keldi/

pixel