Тоқаев пен Катар әмірінің келіссөзінен кейін қандай құжатқа қол қойылды
Жарияланған күні:
Катарға ресми сапармен барған президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Катар мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни жүргізген келіссөзден кейін бірқатар құжатқа қол қойылды. Бұл туралы Ақорда Telegram арнасында хабарлады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Катар мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни арасындағы келіссөз қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:
1. Қазақстан Республикасы мен Катар мемлекеті арасындағы ұстап беру туралы келісім;
2. Қазақстан Республикасы мен Катар мемлекеті арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісім;
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Катар мемлекетінің Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасынан келген жұмыскерлерді Катар мемлекетінде жұмысқа орналастыруды реттеу туралы келісім;
4. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Катар мемлекетінің Байланыс және ақпараттық технологиялар министрлігі арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандум;
5. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Катар мемлекетінің Отбасы және әлеуметтік даму министрлігі арасындағы Әлеуметтік қорғау және даму саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
6. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Катар мемлекетінің Спорт және жастар министрлігі арасындағы жастар саласындағы 2024-2026 жылдарға арналған бірінші атқарушы бағдарлама;
7. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Катар мемлекетінің Әкімшілік бақылау және ашықтық басқармасы арасындағы Парасаттылық пен айқындылықты ілгерілету бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
8. "Самұрық-Қазына" АҚ, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Power International Holding арасындағы энергетика және газ саласындағы жобаларды іске асыру туралы келісімдер;
9. "QazaqGaz" ҰК"АҚ мен UCC Holding арасындағы Қашаған кен орнында газ өңдеу зауыттарын салу жобаларын бірлесіп іске асыру туралы келісімдер.
Сонымен қатар президенттің мемлекеттік сапары аясында тағы бірқатар құжатқа қол қойылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2060987-toqaev-pen-katar-amiri-qandai-quzattarga-qol-qoidy/