Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейбіт Есенбаев денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды

Опубликовано:

Бейбіт Есенбаев
Бейбіт Есенбаев. Фото: primeminister.kz

Бейбіт Есенбаев денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бейбіт Салымұлы Есенбаев берген өтінішіне сәйкес денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Бейбіт Есенбаев 1985 жылғы 9 қазанда дүниеге келген.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін мехатроника және роботехника мамандығы бойынша (2008), Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін Экономика мамандығы бойынша (2012), "ҚДСЖМ" Қазақстандық медициналық университетінің магистратурасын Денсаулық сақтау магистрі дәрежесімен (2019) бітірген.

Әр жылдары Денсаулық сақтау министрлігінің Ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы, бас сарапшысы, сарапшысы, Денсаулық сақтау министрлігінің денсаулық сақтауды цифрландыру департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

Есенбаев Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі болып 2022 жылы 7 шілдеде тағайындалған.

Айта кетейік, кеше, 27 ақпанда премьер-министр Олжас Бектенов "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасын іске асыру қарқыны төмендегені үшін мемлекеттік органдар мен әкімдіктерді сынға алғанын жазған едік.

"Өткен жылы 309 объектіні салу жоспарланған болатын. Денсаулық сақтау министрлігі бақылауды әлсіретіп алды. Әкімдіктер де құрылыс орындарын анықтау, жер учаскелерін уақытылы бөлу бойынша түрлі сылтау айтып, мәселені шұғыл шешуге ниет танытқан жоқ. Жобалау құжаттарын рәсімдеу мен сараптама мәселелері де тым кешеуілдеп кетті.

Сондықтан ауылдық жерлердегі медицина объектілерінің құрылысын бастау мерзімдері бұзылды", - деді Бектенов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2063433-densaulyq-saqtau-vice-ministri-beibit-esenbaev-qyzmetinen-bosatyldy/

pixel