Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасына тапсырма берді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев және Дархан Жазықбай. Фотосурет : aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасын қабылдады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2023 жылғы қызметінің қорытындылары туралы есепті тыңдап, алдағы кезеңге арналған жоспарлармен танысты.

Агенттік төрағасы Дархан Жазықбай президентке мансаптық және позициялық модельдердің элементтерін біріктіретін мемлекеттік қызметтің гибридті моделін қалыптастыру жөніндегі жұмыс туралы баяндады.

Сондай-ақ ашық мемлекеттік аппарат құру, атап айтқанда, жеке сектордан білікті мамандарды тарту және жоғары оқу орындарын үздік бітірген түлектерді төменгі лауазымдарға конкурс өткізбей-ақ тағайындау шаралары жөнінде мәлімет берді.

Мемлекет басшысы e-Qyzmet жүйесі бойынша мемлекеттік қызметке іріктеу жөніндегі пилоттық жобаның қорытындысымен танысты. Оның нәтижесінде бос лауазымдарға орналасу үшін конкурсқа қатысушылар саны 2,7 есеге артқан. Биыл e-Qyzmet іріктеу жүйесін барлық мемлекеттік органға кезең-кезеңімен енгізу жұмыстары басталған.

Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ агенттіктің мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау және басқару жүйесін бюрократиядан арылту салаларына қатысты жұмыстары туралы ақпарат алды.

️Кездесу соңында президент сервистік және адамдарға бейімделген мемлекеттік аппаратты қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру және мемлекеттік қызмет жүйесіне заманауи технологияларды енгізу ісін жалғастыруды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2063570-prezident-memlekettik-qyzmet-isteri-agenttiginin-toragasyn-qabyldady/

pixel