Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шығынның бәрі өтеледі": Олжас Бектенов шұғыл кеңестен кейін пікір білдірді

Опубликовано:

Олжас Бектенов үкімет отырысында
Олжас Бектенов үкімет отырысында. Фото: gov.kz

Қазақстанның премьер-министрі Олжас Бектенов президент өткізген шұғыл кеңестен кейін пікір білдіріп, төтенше жағдайға кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылатынын айтты. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккендерге барлық шығын өтелетінін жеткізді.

"Мемлекет басшысы су тасқынына қатысты шұғыл жиналыс өткізді. Барлық құзыретті органдарға тиісті тапсырмалар берілді. Кінәлі тұлғалардың барлығы тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Зардап шеккен адамдарға шығынның бәрі өтеледі. Үкіметте республикалық штаб құрылып, барлық мәселелерді тәулік бойы бақылауда ұстайтын боламыз", - деді премьер-министр.

Айта кетейік, бүгін 30 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірінде болған су тасқыны салдарынан туындаған төтенше жағдайға байланысты шұғыл кеңес өткізді. Президент оның барысында Роман Склярға, су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовке және бірқатар өңірдің әкімдеріне қатаң сөгіс жариялады.

Сонымен қатар мемлекет басшысы жедел штаб құрып, үкіметке шығын көлемін анықтауды тапсырды.

Тоқаев үкімет пен әкімдердің жұмысын немқұрайлы және кәсіби міндетіне сәйкес келмейді деп сынға алып, қазақстандықтардан кешірім сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2076000-sygynnyn-bari-oteledi-olzas-bektenov-sugyl-kenesten-keiin-pikir-bildirdi/

pixel