Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы су тасқыны: Тоқаев жедел штаб құрып, шығын көлемін анықтауды тапсырды

Опубликовано:

Су сорғыту жұмыстары
Су сорғыту жұмыстары. Фото: ТЖМ

Мемлекет басшысы су тасқыны салдарынан туындаған төтенше жағдайға байланысты шұғыл кеңес өткізіп, оның барысында үкіметке республикалық штаб құруды тапсырды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Премьер-министрдің төрағалығымен республикалық штаб құру, сондай-ақ барлық өңірде су тасқынына қарсы жұмыстарды күшейту, ең бастысы, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берілді.

Мемлекеттік құрылымдарға табиғат апаты салдарынан болған шығын көлемін анықтау және алдағы уақытта осындай апаттардың алдын алу үшін кешенді шаралар қабылдау міндеті жүктелді", - делінген ресми хабарламада.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы уақытылы шара қабылдамағаны үшін бірқатар лауазымды тұлғаға қатаң сөгіс жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2075988-qazaqstandagy-su-tasqyny-toqaev-zedel-stab-quryp-sygyn-kolemin-anyqtaudy-tapsyrdy/

pixel