Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің біріне барады

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Архив. Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақын күндері су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің біріне жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 4 сәуірде су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің біріне жұмыс сапарымен барады. Сапар туралы қосымша ақпарат кейінірек хабарланады", – деп жазды Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, бүгін үкімет отырысында төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов елдегі су тасқыны жағдайы тұрақты күрделі екенін айтып, 5 облыс әлі де су басу аймағында екенін атап өтті.

Бұған қоса үкімет отырысында экология министрі Ерлан Нысанбаев наурыз айының ортасынан бері "Қазгидромет" су тасқыны туралы жүйелі түрде ескертіп келгенін, алайда әкімдіктер бұған мән бермегенін айтты.

Ал "Қазгидромет" РМК бас директоры Данара Әлібаева министрлер кабинетінің кулуарында су тасқыны бойынша қай өңірлерге қауіп төніп тұрғанын айтты. Оның айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысында, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, Ақтөбе және Қостанай облыстарында су деңгейінің жоғарылауы байқалады. БҚО-да трансшекаралық өзендер бойындағы аймақта су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2077412-toqaev-su-tasqynynan-zardap-sekken-onirlerdin-birine-barady/