Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

7 млрд теңге туралы ақпарат рас па: вице-министр су тасқынының алдын алуға қанша қаражат бөлінгенін айтты

Жарияланған күні:

Бауыржан Сыздықов
Бауыржан Сыздықов. Фото: t.me/KZgovernment

Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз конференцияда тасқынның алдын алуға қанша ақша бөлінгенін айтты. Бұл туралы Kazinform хабарлады.

Агенттік мәліметінше, вице-министрден журналист "көктемгі тасқындарға қарсы 7 млрд теңге бөлінгені айтылып жүр, ол ақша қайда кетті" деп сұраған.

Вице-министрдің айтуынша бұл ақпарат – жалған.

"Тасқынға қарсы дайындық аясында бюджеттен 7 млрд теңге бөлінді деген ақпарат тарағаны рас. Бірақ бұл мәлімет дұрыс емес екенін айтқым келеді. Шын мәнінде 7 млрд теңге қарастырылған болатын.

Ал бөлінгені 3 млрд теңгеден астам қаражат. Ол қаражат, қазір өздеріңіз көріп отырғандай, тасқынның алдын алып, салдарымен күресуге бағытталып жатыр. Бүгінгі таңда әкімдіктердің ақпараты осындай", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2077478-7-mlrd-tenge-turaly-aqparat-ras-pa-vice-ministr-su-tasqynynyn-aldyn-aluga-qansa-qarazat-bolingenin-aitty/