Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Өзбекстан президентіне көңіл айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев. Фото: Ақорда

Шымкент – Самара тасжолында болған жол апатынан сегіз Өзбекстан азаматы қаза тапты. Осыған байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёевке көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент – Самара тас жолында болған жол апатынан өзбекстандық сегіз азаматтың қаза табуына байланысты президент Шавкат Мирзиёевке көңіл айтты.

Қазақстан президенті қара жамылған отбасылардың қайғысына ортақтасып, жылы лебіз білдірді", - делінген хабарда.

Айта кетейік, жол апаты 3 сәуірде Самара-Шымкент автожолында Маржанбұлақ ауылының маңында болған.

Полицияның мәліметінше, Volvo жүк көлігі мен Өзбекстан Республикасы азаматының басқаруындағы Toyota Аlhpard минивені соқтығысқан. Апат салдарынан минивен жүргізушісі мен 7 жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қозғалыс кезінде жүк көлігінің дөңгелегі жарылған және соның салдарынан жүргізуші көлікті бақылай алмай, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып, соқтығысуға жол берген.

Факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2079116-toqaev-ozbekstan-prezidentine-konil-aitty/

pixel