jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасарын қызметінен босатты

    Қанат Сейдгапбаров
    Қанат Сейдгапбаров. Фото: Ақорда

    Президенттің өкімімен Қанат Сейдгапбаров Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Серікұлы Сейдгапбаров Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген Ақорданың ресми сайтында жарияланған хабарламада.

    Ақорданың сайтында жарияланған ақпарат бойынша, Қанат Сейдгапбаров 1978 жылы туған. Жоғары заңды және экономикалық білімі бар.

    Әр жылдары Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында, оның ішінде департамент бастығының лауазымында қызмет атқарған.

    Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесінің бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қауіпсіздік кеңесі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі болған.

    2022 жылғы 14 сәуірде мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары болып тағайындалған.

    Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасарын қызметінен босатты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.