jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Елде премьер-министр мен үкімет мүшелерінің атынан мессенджерлерде ақша сұрайтындар пайда болған

    Үкімет үйі
    Үкімет үйі. Фото: primeminister.kz

    Елде премьер-министр мен үкімет мүшелерінің атынан мессенджерлерде ақша сұрайтындар пайда болған. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

    "Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі мессенджерлерде қаражат аудару туралы өтініш айтылған премьер-министрдің және үкімет мүшелерінің атынан ақпарат таратылып жатқанын хабарлайды. Бұл – жалған ақпарат", - делінген хабарда.

    Мәліметке қарағанда, оны интернет-алаяқтар таратып отыр.

    "Жалған ақпаратқа сенбеуге, қаражат аудармауға және күмәнді сілтемелерге өтпеуге шақырамыз. Құқық қорғау органдары алаяқтық әрекеттер жасап жатқан адамдарды анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жүргізуде", - дейді үкіметтегілер.

    Елде премьер-министр мен үкімет мүшелерінің атынан мессенджерлерде ақша сұрайтындар пайда болған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.