Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СІМ Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Сыртқы істер министрлігінің ғимараты
Сыртқы істер министрлігінің ғимараты. Фото: ҚР СІМ

Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты мәлімдеме жасап, тараптарды барлық келіспеушілікті тек саяси-дипломатиялық жолмен шешу үшін ұстамдылық пен кідіріссіз шаралар қабылдауға шақырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Иран мен Израиль арасындағы шиеленістің күрт нашарлауына байланысты терең алаңдаушылық білдіріп, тараптарды барлық келіспеушілікті тек саяси-дипломатиялық жолмен шешу үшін ұстамдылық пен кідіріссіз шаралар қабылдауға шақырады.

Қазақстан өңірдегі жағдайды тұрақтандыруға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған әлемдік қоғамдастықтың күш-жігеріне өзінің берік қолдауын тағы да атап өтеді", - делінген хабарда.

Айта кетейік, 13 сәуірде кешке таман Иран Израильге жүзден аса зымыран және дронмен шабуыл жасады.

Қорғаныс министрлігі өкілі Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлерге қауіп бар ма деген сұраққа жауап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2084558-sim-tayau-sygystagy-axualga-qatysty-malimdeme-zasady/

pixel