jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Иран-Израиль қақтығысы: Қорғаныс министрлігі өкілі Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлер туралы айтты

Қазақстандық бітімгерлер ротасы Голан жоталарына келді
Қазақстандық бітімгерлер. Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрлігі ресми өкілі Руслан Жангулин "Голан жоталарында БҰҰ бітімгерлік миссиясын орындап жатқан қазақстандық бітімгерлерге қауіп бар ма" деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Қазақпарат агенттігі хабарлады.

"Голан жоталарында БҰҰ бітімгерлік миссиясын орындап жатқан қазақстандық контингент қалыпты режимде жұмысты жалғастыруда. Жеке құрамның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ", - деп жауап берді Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жангулин.

Бұған дейін Иран Израильге қарай ұшқышсыз ұшақтарын ұшырып, Тегеран үстіндегі әуе кеңістігін жауып тастаған болатын.

Айта кетейік, 16 наурызда Қарулы күштердің әскери қызметшілері Қазақстаннан Сирия астанасы Дамаскіге ұшып барып, Фауар бітімгерлік базасына дейін көлікпен жеткенін хабарлаған едік.

Иран-Израиль қақтығысы: Қорғаныс министрлігі өкілі Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлер туралы айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.