Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оң баға берілді": Тоқаев жаңа қабылданған зорлық-зомбылыққа қарсы күрес туралы заң жөнінде айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев және Қостанай облысының тұрғындары
Қасым-Жомарт Тоқаев және Қостанай облысының тұрғындары.Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының эвакуацияланған тұрғындарымен кездесу барысында әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойғанын атап өтті. Бұл туралы Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес туралы заңға қол қойғанымды еске салып өткім келеді. Бұл заңға Біріккен Ұлттар Ұйымы, басқа халықаралық ұйымдар, Батыс мемлекеттері үкіметі және бүкіл әлем тарапынан оң баға берілді.

Біздің әйелдер мен баллар мүддесін қорғауға басымдық береміз, бұл біздің назарымызда болады. Бұл да өркениетті қоғамның белгілері", - деді президент тұрғындармен кездесуде.

Айта кетейік, 15 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жазаны күшейтетін заңға қол қойды.

БҰҰ-ның тұрақты үйлестірушісі Қазақстанға тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қорғайтын заң қабылдағаны үшін алғыс білдірді.

Микаэла Фриберг-Сторидің пікірінше, жаңа заң "гендерлік зорлық-зомбылықтың барлық түрін жоюға бағытталған маңызды қадамды білдіреді. Бұл заңнамалық шешім Қазақстанның адам құқықтарын, әсіресе әйелдерді, балаларды және халықтың осал топтарын тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауға деген ұмтылысын көрсетеді".

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2085959-on-baga-berildi-toqaev-zana-qabyldangan-zorlyq-zombylyqqa-qarsy-kures-turaly-zan-zoninde-aitty/

pixel