Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Цифрлық даму вице-министрі бұрынғы басшысы Мусиннің отставкаға кетуі туралы пікір білдірді

Опубликовано:

Бағдат Мусин
Бағдат Мусин. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін сенат кулуарында цифрлық даму вице-министрі Асхат Оразбек бұрынғы министр Бағдат Мусиннің отставкаға кетуі туралы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Асхат Оразбек Бағдат Мусиннің отставкаға кету себебінен хабары жоқ екенін айтты.

"Бізде де сіздердегідей толық ақпарат жоқ", - деді цифрлық даму министрлігі басшысының орынбасары.

Бірақ ол мұны цифрландыру саласындағы жағдайлармен және қазақстандықтар деректерінің сыртқа шығып кетуімен байланыстырмайтынын айтты.

"Министрдің жұмысына халық пен басшылық баға береді деп ойлаймын. Ол – кәсіби маман, өз саласын жетік біледі, оған қоса ол осы салада өскен. Ол өз ісін жақсы білетін адам.

Бұл субъективті баға (қатаң басшы болды ма деген – ред. ескертпесі). Кейбіреулер үшін ол қатал болды және бұл жақсы болды. Мен тек өзім туралы айта аламын. Мен онымен жұмыста жақсы қарым-қатынаста болдым. Ол маған айғайлаған жоқ", - деді Оразбек.

Сондай-ақ вице-министр бос орынды кім иеленетінін білмейтінін айтты.

"Білмеймін. Бұл шешімді мемлекет басшысы қабылдайды", - деді шенеунік.

Айта кетейік, 30 сәуірде Бағдат Мусин цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымынан босатылды.

Артынша отставкаға кеткен Бағдат Мусин әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазба жариялап, мемлекет басшысына алғысын білдірді, цифрлық саланы дамыту бойынша Қазақстан жеткен жетістіктерді мақтан тұтаныны айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2094707-tsifrlyq-damu-vitse-ministri-buryngy-basshysy-musinning-otstavkaga-ketui-turaly-pikir-bildirdi/

pixel