Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәскеуде әскери шеру өтті: оған Тоқаев пен басқа да елдің басшылары қатысты (видео)

Опубликовано:

Мәскеудегі әскери шеру
Мәскеудегі әскери шеру. Видеодан кадр: YouTube/Комсомольская правда

Мәскеуде Жеңістің 79 жылдығына арналған әскери шеру басталды. Парадқа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен басқа да елдердің басшылары қатысуда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дәстүр бойынша Мәскеудегі салтанатты Жеңіс шеруі 9 мамыр күні таңертең Қызыл алаңда өтеді. Биыл ол шамамен екі сағатқа созылады.

Шеруге мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Беларусь президенті Александр Лукашенко қатысып жатыр.

Қазақстан президенті Мәскеуге бір күн бұрын ұшып кетті – оның күн тәртібіндегі бірінші мәселе Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу болды.

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңістің 79 жылдығына арналған әскери парадқа қатысуда.

Айта кетейік, Қазақстанда соңғы өткен жылдардағыдай биыл да әскери шеру өткізу жоспарланбаған. Қорғаныс министрлігі бұл шешім бюджетті үнемдеу негізінде қабылданғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2097824-maskeude-askeri-parad-bastaldy-sheruge-toqaev-ta-qatysyp-zhatyr-onlain-transliatsiia/