Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Опубликовано:

Әсел Жанасова президент қабылдауында
Әсел Жанасова президент қабылдауында. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасованы қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Ақорда мәліметінше, президентке "Қазпошта" акционерлік қоғамының былтыр атқарған қызметінің нәтижесі және компанияның қазіргі қаржылық жағдайы жөнінде мәлімет берілген.

Әсел Жанасованың айтуынша, компания кейінгі 5 жылда алғаш рет 2,4 миллиард теңге көлемінде пайда тауып, акционерге 1,5 миллиард теңге дивиденд төлеген. Салық аударымдары мен баж алымдарының жалпы көлемі 32,7 миллиард теңге болды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа былтыр "Қазпошта" арқылы жеткізілетін сәлемдемелердің саны 35 пайызға көбейіп, оларды ел аумағында жеткізу жылдамдағы екі есе артқаны туралы баяндалды.

Мемлекет басшысына "Қазпошта" акционерлік қоғамы мен YTO Express Group компаниясы арасында серіктестік қатынас орнағаны жайында айтылды.

"Қазпошта" Алматыда ауданы шамамен 40 мың шаршы метр болатын "А" санатындағы жоғары технологиялық қойма салуға ниетті. Нысан Еуразия кеңістігінде негізгі транзит торабына айналуға тиіс әрі Қытайдан ЕуроОдақ, Еуразиялық экономикалық одақ және Орталық Азия бағыттары бойынша Қазақстанның жүк өткізу әлеуетін арттыруға ықпал етеді", - делінген хабарда.

Сонымен қатар Президентке отандық компанияның ел аумағындағы инфрақұрылымы мен бөлімшелер желісінің қазіргі жай-күйі таныстырылды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазпошта" акционерлік қоғамының қаржылық жағдайын жақсарту және логистикалық әлеуетін арттыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2100497-toqaev-qazposhta-aq-basqarma-toragasyn-qabyldady/