Маңғыстау облысы әкімдігінің өкілдері Нұрлан Ноғаев қызметінен кетеді деген ақпаратқа түсініктеме берді
Жарияланған күні:
Желіде Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қызметінен босатылатыны туралы ақпарат тарады. Осы ақпарат жөнінде облыстық әкімдік өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Кейбір ақпарат көздеріне сүйенсек, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылады", - делінген Telegram-дағы Yedilov.online арнасында жарияланған хабарламада.
Бұл хабарламаға облыс әкімдігінің өкілдері түсініктеме берді.
"Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жұмыс орнында", - деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми өкілі Жанна Сағидолла.
Айта кетейік, Нұрлан Ноғаев қызметінен кетуі мүмкін деген ақпаратқа қатысты бүгін мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи пікір білдіріп, елдегі әкімдердің ішіндегі "ең тәжірибелісі" деп бағалайтынын мәлімдеген.
Еске салайық, Нұрлан Ноғаев 2021 жылғы 7 қыркүйекке дейін ҚР Энергетика министрі қызметін атқарды, одан кейін Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды. 2022 жылғы желтоқсанда өткен президенттік сайлаудан кейін ол облыс басшысы қызметіне қайта тағайындалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2100983-manggystau-akimdigining-okilderi-nurlan-nogaev-qyzmetinen-ketedi-degen-aqparatqa-tusinikteme-berdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.