Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мырзағалиев кетті, ендігі кезек Ноғаевта ма: Ермұрат Бәпи кадрлық ауыс-түйіске қатысты болжамын айтты

Опубликовано:

Ермұрат Бәпи
Депутат Ермұрат Бәпи. Скриншот: t.me/mazhilis_kz

Желіде Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың қызметінен кетуі мүмкін деген ақпарат тарап жатыр. Онда әкімнің басқа қызметке ауысатыны айтылған. Осыған қатысты мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Telegram-дағы Yedilov online арнасында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың қызметінен кетуі мүмкін деген ақпарат жарияланған. Онда әкімнің басқа қызметке ауысуына байланысты кететіні айтылған.

"Елдегі әкімдердің ішіндегі ең тәжірбиелісі деп бағалаймыз. Мұндай мамандар қажет. Қандай мақсатта ауыстырып жатыр? Неге ауыстырып жатыр? Маңғыстауда Ішкі істер департаменті басшысы, прокуратураны ауыстырылады деген хабар шығып жатыр. Оның қаншалықты шын екенін білмеймін. Әкім де осы оқиғамен байланысты ауысып жатса, облыста әлдебір ала бөтен оқиға болып жатқан болуы мүмкін", - деді ол.

Ермұрат Бәпи сондай-ақ су тасқынына байланысты әкімдер қызметінен кетуі мүмкін бе деген сауалға жауап берді.

"Топан су техногенді апат. Су тасқыны болған өңір әкімдерін ауыстыру санаға сыймайды. Алдын ала болжай алмаған шығар, қателік болған шығар. Бірақ дәл сол үшін әкімдерді орнынан алып тастау дұрыс болмайды", - деді депутат.

Сондай-ақ ол "Қазмұнайгаз" басшысының қызметтен кеткеніне қатысты пікір білдірді.

"Мырзағалиевті керемет менеджер деп айта алмаймын. Ескі Қазақстанмен байланысы бар кадр болатын. Тимур Құлыбаев ықпалындағы кадр болатын. Мағзұм Мырзағалиевтің келіп-кеткенінен Қазақстан қоғамы үшін ештеңе өзгермейді", - деді ол.

Депутат сондай-ақ Бозымбаевтың қызметке тағайындалуы туралы да айтты.

"Бозымбаев бұрынғы Қазақстанның кадры емес, ол Тоқаевтың командасындағы кадр деп бағалау керек. Оның қайтып келгені де сол себепті", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2100920-myrzagaliev-ketti-endigi-kezek-nogaevta-ma-ermurat-bapi-kadrlyq-auys-tuiiske-qatysty-bolzhamyn-aitty/