Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қайрат Омаровты жаңа қызметке тағайындады

Опубликовано:

Қайрат Омаров
Қайрат Омаров. Фото: Telegram/СІМ ҚР

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Ермекұлы Омаров Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Ермекұлы Омаров Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген құжатта.

Қайрат Омаров 1963 жылы 12 қаңтарда Алматыда туған. Алматы шет тілдері педагогикалық институтын бітірген. Еңбек жолын өзі білім алған университетте бастаған. Ал СІМ мансабы 1992 жылы басталған. Әр жылдары Сыртқы істер министрлігінде түрлі қызмет атқарды.

2022 жылдың қазанынан бүгінгі күнге дейін Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2101847-toqaev-qairat-omarovty-zhanga-qyzmetke-tagaiyndady/