Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақан Рахметуллин Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Опубликовано:

Ақан Рахметуллин
Ақан Рахметуллин. Фото: Қазақстанның Пәкстандағы елшілігі

Мемлекет басшысының өкімімен Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

"Мемлекет басшысының өкімімен Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген құжатта.

Ақан Рахметуллин 1967 жылы 2 ақпанда дүниеге келген. Алма-Ата энергетикалық институтын және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген.

Еңбек жолын СІМ консулдық бөлімінің көмекшісі, атташесі болып бастаған. Әр жылдары Пәкістандағы Қазақстан елшісі, Венадағы ЕҚЫҰ жанындағы тұрақты өкілінің орынбасары, Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілінің орынбасары сынды лауазымды қызметтер атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2101853-aqan-rahmetullin-syrtqy-ister-ministrining-birinshi-orynbasary-bolyp-tagaiyndaldy/