Тоқаев Ақордада Малайзия премьер-министрін салтанатты түрде қарсы алды (фото, видео)
Жарияланған күні:
"Ақорда" резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагимді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ануар Ибрагим бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы Қазақстан Президенті мен Малайзия Премьер-министріне рапорт беріп, екі мемлекеттің әнұрандары шырқалды.
Салтанатты рәсімнен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ануар Ибрагим келіссөз залына барды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2101871-toqaev-aqordada-malaiziia-premer-ministrin-saltanatty-turde-qarsy-aldy-foto-video/