jitsu gif branding logo appbranding logo app

Тоқаев Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына реанимобиль сыйлады

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы медициналық авиация және жедел жәрдем қызметтерінің, науқастарды қабылдау бөлмелерінің жұмысын үйлестіретін орталықтың қызметімен танысты. Кешенде 250 орындық стационар бар. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының басқарма төрағасы Тимур Мұратовтың айтуынша, мекемеде 29 бағыт бойынша емдеу ісін жүргізетін 9 клиникалық департамент құрылады. Мұнда жылына 18 мыңнан астам науқас емделе алады.

Президент заманауи құралдармен, соның ішінде мобильді компьютерлік томограф және OR-1 жүйесімен жабдықталған операция залдарын аралап көрді.

Мемлекет басшысы орталықтың қызметкерлерімен әңгімелесу барысында мұндай бірегей нысанның іске қосылуын отандық медицинаның зор жетістігі деп бағалады. Сонымен қатар мекемеге білікті мамандарды көптеп тарту қажет екеніне назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұжымның жұмысына табыс тілеп, орталыққа реанимобиль сыйлады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.