Қазақстанға шілденің басында Си Цзиньпин келеді
Жарияланған күні:
Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин 2 шілдеде Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақапартқа сүйенсек, биылғы 2-4 шілде күндері президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.
"Сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-отырысына қатысады", - делінген ресми хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2126370-qazaqstanga-si-tszinpin-memlekettik-saparmen-keledi/