Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада ШЫҰ саммиті басталды: онлайн-трансляция

Опубликовано:

ШЫҰ саммитіне қатысатын елдер тулары
ШЫҰ саммитіне қатысатын елдер тулары. Фото: akorda.kz

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы басталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Тікелей эфир Silk Way телеарнасында көрсетіледі.

Сондай-ақ онлайн-трансляция Youtube-тегі Jibek Joly news арнасында жүріп жатыр.

ШЫҰ саммиті Тәуелсіздік сарайында "Көпжақты диалогты нығайту – орнықты бейбітшілік пен дамуға ұмтылу" ұранымен өтіп жатыр.

Шараға Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь, Моңғолия, Әзербайжан, Қатар, БАӘ, Түркия және Түрікменстанның мемлекет және үкімет басшылары келді.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында Астана декларациясы және 20-ға жуық шешім қабылданады, мемлекет басшыларының 3 мәлімдемесі жарияланады деп жоспарланған.

Еске салсақ, 4 шілдеде Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтетінін жазған едік.

Ақорда таратқан мәлімет бойынша, саммит аясында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2128695-shyu-sammiti-tikelei-efirde-korsetiledi/