Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев бірқатар заңға қол қойды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды. Ақорда ресми Telegram-дағы арнасында қандай заңдарға қол қойылғанын жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тоқаев бүгін бірнеше маңызды заңдарға қол қойды. Нақтырақ айтсақ, "Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы, "Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.

"Президенттің 2023 жылғы 29 наурызда Парламент сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде адам саудасының құрбаны болған азаматтарды қорғау үшін арнайы заңды әзірлеу жөнінде тапсырма берген болатын.️ Алғаш рет қабылданып отырған бұл Заң адам саудасына қарсы іс-қимылдың ұйымдастырушылық-құқықтық негіздерін жан-жақты айқындайды. ️Заңда оның мақсаттары мен міндеттері, адам саудасына қарсы іс-қимыл қағидаттары бекітілген, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де субъектілердің құзыреті бекітілген", - делінген хабарламада.

Одан бөлек, Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына, вандализм көрінісіне және бөтеннің мүлкін бүлдіруге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне адам саудасына, вандализм көрінісіне және бөтеннің мүлкін бүлдіруге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлерін қылмыстық сипаттан арылту және Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарға қол қойылған.

Аталған заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2129931-toqaev-birqatar-zangga-qol-qoidy/