Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті: Қарабақ декларациясы қабылданды

Жарияланған күні:

Түркі мемлекеттерінің саммитіне қатысушылар
Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысушылар. Фото: Ақорда

Әзербайжанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде Қарабақ декларациясы қабылданды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Ақорда ақпаратынша, жиын соңында Түркі мемлекеттері ұйымы Хатшылығын нығайту туралы мемлекеттер басшыларының шешіміне қол қойылды.

Сондай-ақ саммит қорытындысы бойынша Қарабақ декларациясы қабылданды.

Еске салсақ, бүгін, 6 шілдеде мемлекет басшысы Әзербайжанға жұмыс сапарымен барды. Кейін Қасым-Жомарт Тоқаевты Әзербайжан президенті Шуша ауданындағы арнаулы өкілдігінің ғимаратында қарсы алды.

Сонымен қатар Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысып, бірқатар маңызды мәселені көтерді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2130096-turki-memleketteri-uiymynyng-beiresmi-sammiti-qarabaq-deklaratsiiasy-qabyldandy/