Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қазақстанға келді

Жарияланған күні:

Олжас Бектенов пен Эмомали Рахмон
Олжас Бектенов пен Эмомали Рахмон. Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Астанаға келді. Оны әуежайдан премьер-министр Олжас Бектенов әуежайда күтіп алды. Бұл туралы үкімет Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Астанаға келіп, оны премьер-министр Олжас Бектенов әуежайда қарсы алды.
  • Рахмон Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуі мен "Орталық Азия + Жапония" диалогы мемлекеттері басшыларының бірінші саммитіне қатысады.
  • Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда көлемі өсіп, екі ел су ресурстары саласында ынтымақтасуды күшейтуде.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуі мен "Орталық Азия + Жапония" диалогы мемлекеттері басшыларының бірінші саммитіне қатысады.

Бүгінде елдер тауар айналымын одан әрі арттыруға күш салуда

Биылғы қаңтар-маусым айларында екі ел арасындағы өзара сауда көлемі 575,7 млн долларды құрады, бұл ретте қазақстандық тауарлар экспорты 18,9%-ға артты.

Екіжақты өзара іс-қимылдың стратегиялық бағыттарының бірі – су қатынастары саласы.

Тәжікстанда Рогун су электр стансасын салу жөніндегі энергетикалық жоба бүкіл Орталық Азия аймағына мультипликативті әсер береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2146534-tazhikstan-prezidenti-emomali-rahmon-qazaqstanga-keldi/