Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Астанаға келді
Жарияланған күні:
Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуіне қатысады. Түрікменстан басшысын Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.
Қазақстан мен Түрікменстан өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша сауда-экономикалық ынтымақтастықты белсенді түрде кеңейтуде. Мәселен, 5 жыл ішінде екі ел арасындағы өзара сауда көлемі 4 есеге өсіп, тек соңғы жылдың өзінде 28 пайызға артты.
Биылғы 6 айда тауар айналымы 237,2 млн долларға жетті.
Бүгінгі таңда ынтымақтастықты арттырудың перспективалы бағыттары – газ және транзиттік-көлік салалары. Онда автожолдарды реконструкциялау және салу бойынша бірқатар ірі жобалар іске асырылуда. Оның ішінде ұзындығы 225 шақырым болатын "Қазақстан шекарасы – Гарабогаз – Түрікменбашы" жаңа автожолының және Гарабогазгол шығанағы арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысы бар.
Ұзындығы 165 шақырым "Жаңаөзен – Түрікменстан шекарасы" учаскесін реконструкциялау жобасы пысықталып жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2146750-turikmenstan-prezidenti-serdar-berdimuhamedov-astanaga-keldi/