Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СІМ Жапония премьер-министрінің Астанаға келмейтінін растады

Жарияланған күні:

Фумио Кишида
Фумио Кишида. Фото: Kyodo News via Getty Images

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Жапония премьер-министрінің Қазақстанға ресми сапары тоқтатылғанын растады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Жапония елшілігінің мәліметінше, өз еліндегі жер сілкінісіне байланысты премьер-министр Фумио Кишиданың Қазақстанға сапарын тоқтату туралы шешім қабылданды", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев елордаға келді. Оны "Ақорда" резиденциясында Тоқаев салтанатты түрде қарсы алды.

Сонымен бірге Қазақстанға Әзербайжан президенті Ильхан Әлиев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон келген болатын.

Сондай-ақ бүгін елордаға Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов келді.

Жалпы, президенттер Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуіне қатысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2146822-sim-zhaponiia-premer-ministri-astanaga-kelmeitinin-rastady/