Тоқаев көлік инфрақұрылымын дамытуға басымдық берді
Жарияланған күні:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сапалы авто және теміржолдар салудың ел үшін стратегиялық маңызын айтты. Ол көлік инфрақұрылымына салынған инвестицияның өзін-өзі ақтайтынын атап өтті. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы арнасында хабарлады.
"Келесі мәселе. Көлік-логистика секторын дамыту – стратегиялық мәні айрықша басымдық. Еліміз Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан. Бұл – бізге әлемдік бәсекеде зор мүмкіндік беретін артықшылық.
Сондықтан көлік инфрақұрылымына салынып жатқан әрбір инвестиция өзін-өзі ақтайтыны сөзсіз. Біз кейінгі ұрпаққа жоғары сапалы авто және теміржолдарды қалдыруымыз керек. Сондай-ақ тиімді жұмыс істейтін әуе хабтарын, теміржол бекеттері мен теңіз порттарын салуымыз қажет. Бұл ретте бірқатар кешенді мәселені шешкен жөн",- деді Тоқаев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2156023-toqaev-kolik-infraqurylymyn-damytuga-basymdyq-berdi/