jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыдағы аудандардың біріне жаңа әкім тағайындалды

    Талғат Малыбаев Алатау ауданы әкімі болып тағайындалды
    Талғат Малыбаев. Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасының бұрынғы басшысы Талғат Малыбаев Алатау ауданына әкім болып тағайындалды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Алматы әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің және қала мәслихатының келісімімен Алатау ауданының әкімі лауазымына Талғат Малыбаев тағайындалды", - делінген ведомство хабарламасында.

    Талғат Малыбаев 1987 жылы 20 желтоқсанда Қарағанды облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін "Көлік" мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2010 жылы Қарағанды қаласы "Агро-Консалтинг – К" АҚ Стратегия және бюджеттік жоспарлау департаментінің маманы болып бастаған.

    Әр жылдары құрылыс компанияларында жұмыс істеді, сондай-ақ Алматы қаласының "Алматы жылу желілері" ЖШС-де, Алматы облысының "Жетісу" ӘКК ҰК АҚ-да басшылық қызмет атқарды. "Алматы қаласын дамыту орталығы" АҚ ТКШ қызметтерінің сапасын арттырудың базалық бағытын іске асыру тобының жетекшісі болып жұмыс істеді.

    2023 жылы маусымнан бастап қазіргі тағайындалғанға дейін Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

    Алматыдағы аудандардың біріне жаңа әкім тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.