jitsu gif branding logo appbranding logo app

Тоқаев Паралимпиада жүлдегерлері мен бапкерлерді марапаттау туралы жарлыққа қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиада жүлдегерлерін және бапкерлерді мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл жөнінде Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен Париж қаласында өткен XVII жазғы Паралимпиада ойындарында жоғары жетістіктерге жеткен спортшылар мен атлеттердің жаттықтырушылары мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Атап айтқанда:

Алтын медаль иегерлері Дегтярев Давид Мамиевич І дәрежелі "Барыс" орденімен, Науатбек Ақмарал Маратқызы ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен наградталды.

Күміс медальға қол жеткізген Ғаббасов Еркін Тілеуғабылұлы, Жұмағали Нұрдәулет Мақсұтұлы және Шәмей Ерғали "Парасат" орденінің кавалерлері атанды.

"Құрмет" орденімен Паралимпиада ойындарының қола жүлдегерлері Мұқашбеков Дастан Мұратұлы, Райфова Зарина Райфқызы, Федосова Даяна Владимировна және Шүкірбеков Жұрқамырза Бақытұлы марапатталды.

Ұлттық құрама бас бапкерлері мен спортшылардың жеке жаттықтырушыларының арасынан 5 азаматқа "Парасат" ордені, 7 адамға "Құрмет" ордені берілді. Сонымен қатар екі жаттықтырушы Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен наградталды.

Тоқаев Паралимпиада жүлдегерлері мен бапкерлерді марапаттау туралы жарлыққа қол қойды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.