Тоқаев "БРИКС плюс" саммитіне қатысқан президенттермен әңгімелесті
Жарияланған күні:
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "БРИКС плюс" саммитіне қатысушылармен әңгімелесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласында БРИКС-тің ХVI саммиті пленарлық отырысының "БРИКС плюс"/"аутрич" форматына қатысушылар – Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен, Беларусь президенті Александр Лукашенкомен, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Минмен және Моңғолия президенті әкімшілігінің басшысы Гомбожавын Занданшатармен жүздесті.
Айта кетейік, 23 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Қазан қаласына іс-сапармен барды.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен БРИКС-ке мүше мемлекеттер басшыларының XVI Саммитіне қатысу үшін Қазан қаласына жұмыс сапарымен келді", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС-тің XVI саммиті өтіп жатқан "Қазан Экспо" халықаралық көрме орталығында Владимир Путинмен және басқа да әлемдік көшбасшылармен кездесті.
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС саммитінде Таяу Шығыс пен Украинадағы жағдай туралы айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2178594-toqaev-briks-plius-sammitine-qatysqan-prezidenttermen-anggimelesti/