Түркістан қалалық полиция департаменті басшысы тағайындалды
Жарияланған күні:
Полиция подполковнигі Жасұлан Нысанбаев Түркістан қалалық полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Түркістан облыстық ПД-ның Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жасұлан Қаржаубайұлы ішкі істер органдарындағы қызметін 2003 жылы криминалдық полиция саласынан бастап, Түркістан облысы ПД криминалдық полиция басқармасында және Ордабасы ауданында басшылық қызметте болған. 2020 жылдан бастап бүгінге дейін Созақ ауданының полиция басшысы лауазымын атқарған.
"Еңбек жолында қылмыстардың азаюы мен жедел ашылуына өзіндік үлес қоса білген және мінсіз қызметі үшін ҚР ІІМ, полиция департаменті тарапынан медальдар, грамоталар, Алғыс хаттармен марапатталған", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Түркістан қалалық ПД бастығының бірінші орынбасары болып Алмас Мырзахметов тағайындалды. Полиция полковнигі Мырзахметов бүгінге дейін Түркістан облысы ПД Патрульдік полиция батальонының командирі лауазымын атқарған.
Еске салайық, полиция майоры Досжан Нұсқабеков Түркістан облыстық ПД тылмен қамтамасыз ету басқармасының басшысы болып тағайындалған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2179184-turkistan-qalalyq-politsiia-departamentining-basshysy-tagaiyndaldy/